VIN TOP

Блоги

ШҚО-да жазда алған көмірлер өздігінен тұтанып жатыр


ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысының Глубокое ауданында бір аптаның ішінде 7 үйде көмір өздігінен тұтанған. Бұл туралы ҚазАқпарат облыстық Nөтенше жағдайлар департаментіне сілтеме жасап хабарлайды.



«7 жағдайдың алтауында өрт сөндірушілер қызыл жалынды дер кезінде ауыздықтай алды. Ал Белоусовка кентінде көмір қоймасы мен монша, электр бағаны отқа оранды. Зардап шегушілер Майкүбінің қоңыр көмірін маусым басында сатып алғандарын айтып отыр», — делінген департаменттің баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.



Мамандардың айтуынша, көмір өздігінен тұтану үшін біршама уақыт бойы үздіксіз тотығуы қажет. Тотыққан көмірдің температурасы артып, соның салдарынан тұтанады.



«Бұл көмірді дұрыстап өндірмеуден немесе дұрыс сақтамаудан болатын құбылыс. Көмір сатып алар кезде сатушыдан сапа сертификатын талап ету қажет. Көмірді қоймаға түсірер кезде астына қатты төсеніш тастау керек. Қоймадағы температураны бақылап отырған абзал», — делінген департаменттің ақпаратында.










Источник: “http://lenta.inform.kz/kz/shko-da-zhazda-algan-komirler-ozdiginen-tutanyp-zhatyr_a3556226”

Новости читателей

Кожедый желающий может добавить свою новость или материал на сайт.

ДОБАВИТЬ