VIN TOP

Скандалы

Досан Қызайбекұлы: «АЙТУҒА ОҢАЙДЫ» ЖАСАУ – шахтада көмір қазғанмен бірдей

«Обще­ствен­ная пози­ция»


(про­ект «DAT» №06 (277) от 12 фев­ра­ля 2015 г.




Бей­сен­бі­де­гі бет­пе-бет




Бүгін­де ел-жұрт ара­сын­да таны­мал болған «Айтуға оңай» теле­бағ­дар­ла­ма­сы қалай жаса­ла­ды? Оның сая­са­ты мен тақы­ры­бын кім аны­қтай­ды? Осы тек­тес сұрақтарға орай «Бей­сен­бі­де­гі бет­пе-бет» айда­рын­да сұх­бат бер­ген теле­про­дю­сер Досан ҚЫЗАЙБЕКҰЛЫ өзінің «Айтуға оңай» бағ­дар­ла­ма­сы­нан неге кет­кенін де сөз етті.



– «Арқа­да қыс жылы бол­са, арқар ауып несі бар?» деген­дей, біздің естуі­міз­ше, сіз «Қаза­қстан» арна­сын­дағы «Айтуға оңай» бағ­дар­ла­ма­сы­нан тек­тен-тек­ке кет­пе­ген сияқты­сыз ғой… Кіл­ти­пан­ның кіл­тін айта ала­сыз ба?


– Менің «Айтуға оңай­дан» кету себебім – тек жұмыс орным­ның ауы­суы­мен ғана бай­ла­ны­сты. Дәл қазір Тал­ды­қорған­да­мын. Облы­стық «Жеті­су» теле­ар­на­сы­на дирек­тор­дың орын­ба­са­ры қыз­метіне ауы­стым. Басқа ешқан­дай кіл­ти­пан жоқ.


– Енде­ше жаңа жұмыс орны­ңыз құт­ты бол­сын!


– Рах­мет! Бұл жер­де де тың дүни­е­лер жаса­уға деген тал­пы­ныс мол.


– Досан мыр­за, айтуға оңай дегені­міз бол­ма­са, күн сай­ын шыға­тын «Айтуға оңай» бағ­дар­ла­ма­сын дай­ын­дау оңай бол­маған шығар?


– Әрине! «Айтуға оңай» апта­сы­на 5 күн қата­ры­нан шыға­ды. Сол бес күн­ге бір жазға­ны­мы­зда 10–12 хабар дай­ын­дай­мыз. Есеп­тей беріңіз, әр хабар­дың тақы­ры­бы­на сай кей­іп­кері мен сарап­шы ретін­де шақы­ры­ла­тын қонағы бар, жина­ла­тын көре­рмені бар деген­дей. Тақы­рып­ты ашып, соған сай сюжетін жасап, сарап­шы­ны табу оңай емес. Айна­лып кел­ген­де, қажыр­лы еңбек­ті, ізденісті қажет ететін үлкен жұмыс.


– Осы бағ­дар­ла­ма­ның кезек­ті тақы­ры­бын кім аны­қтай­ды неме­се таң­дай­ды? Бұл жөнін­де арна бас­шы­лы­ғы нұсқау беріп оты­ру­шы ма еді?


– Бұл жөнін­де арна бас­шы­лы­ғы­нан ешқан­дай нұсқау жоқ. Бас­шы­лы­қтың мін­деті – өзі­міз таң­дап алған тақы­рып­ты мақұл­дап, бекітіп беру. Оның үстіне «Айтуға оңай» бағ­дар­ла­ма­сы­на рес­пуб­ли­ка­ның әр аймағы­нан жол­данған хат­тар түсіп жата­ды. Көп­шілі­гі жеке мәсе­лесі мен тағ­ды­ры­на қаты­сты жағ­дай­ла­рын айтып, хабар­ла­стын­да­ры да бар. Солар­дың іші­нен ірік­теп, көп­шілік­ке ортақ сары­ны бар тақы­рып­ты таң­дай­мыз.


– Деген­мен, бағ­дар­ла­ма­ның кей­бір шыға­ры­лы­мы шынын­да да айтуға оп-оңай тақы­ры­пқа арна­ла­ты­нын, әле­умет­тік тұрғы­да сал­мағы жоқ мәсе­ле­лер қозға­ла­ты­нын мой­ын­дай­сыз ба?


– Айы­на 20–22 хабар эфир­ден өте­ді. Енді, өзіңіз ойлаңыз, осы хабар­лар­дың бәрін «шедевр» жасау мүм­кін бе? Бір жыл­да 12 ай бол­са, қан­ша бағ­дар­ла­ма түсіріледі: есеп­тей беріңіз. Ал оның бәрі бір­дей кере­мет болуы мүм­кін емес. Сон­ды­қтан ара-ара­сын­да, өзіңіз айтып оты­рған­дай, әле­умет­тік сал­мағы жеңіл тақы­рып­тар болып тұра­ды. Оның үстіне көре­рмен­нің көңілін құла­зы­та­тын ауыр тағ­ды­рға қаты­сты тақы­рып­ты көр­се­те бер­мей­ік деген ұста­ны­мы­м­ыз бола­ты­ны рас. Қай­та­лап айтай­ын, «Айтуға оңай» тұр­мыстық-әле­умет­тік мәсе­ле­лер­ге арналған ток-шоу, демек, кезек­ті бағ­дар­ла­ма­лар да сол сұра­ны­сқа сай жаса­ла­ды.


– Мәсе­лен, қазір­гі эко­но­ми­ка­лық дағ­да­ры­стың жағ­дай­ын түсін­діріп, тым құры­ған­да, халы­ққа басу айта ала­тын тақы­рып неге қозғал­май­ды? Соған қараған­да, бағ­дар­ла­ма­ның тақы­рып­тық фор­ма­ты­на арна бас­шы­лы­ғы тара­пы­нан ішкі цен­зу­ра жаса­ла­тын сияқты ғой…


– Бұған арна бас­шы­лы­ғы­ның ешқан­дай қаты­сы жоқ. Негізін­де, арна­да эко­но­ми­ка жөнін­де әңгі­ме қозғай­тын «Айтуға оңай­дан» басқа да бағ­дар­ла­ма­лар жетер­лік. Эко­но­ми­ка сала­сы біздің бағ­дар­ла­ма­ның фор­ма­ты­на, бағы­ты­на сай кел­мей­ді. Сіз біздің бағ­дар­ла­ма­дан эко­но­ми­ка төңіре­гін­де қозғаған тақы­ры­бы­мы­зды көр­діңіз бе?


– Көр­медік, бірақ көр­гі­міз келеді. Мәсе­лен, Аста­на іргесін­де­гі Қоян­ды мәсе­лесіне орай «Қамшы.кз» пор­та­лын­да жазы­лған бір мате­ри­алға қал­ды­рған оқыр­ман пікірін­де: «Ұлт­тық арна пульт­тік арнаға айнал­ды» деген пікір­ді көзі­міз шалып қалға­ны бар. Оның бер жағын­да екінің бірі айта­тын – отан­дық арна­лар асы­ра­у­шы­ла­ры­ның тап­сыр­ма­сын ғана орын­дай­ды деген пікір­ді ескер­сек, сол жақтың біз біл­мей­тін біраз жыры­на қанық жур­на­лист ретін­де бұған сіз не айтар едіңіз?


– Шын­ды­ғы­на кел­сек, біздің ұжым­ның басты мін­деті – хабар­ды дай­ын­дап беру. Ұлт­тық арна­мен біз тек жұмыс бабын­дағы ғана әріп­те­стер­міз. «Қаза­қстан» арна­сы – тап­сы­рыс беру­ші, біз – орын­да­у­шы. Бар мәсе­ле – осын­да. «Айтуға оңай­ды» жасай­тын жеке бір ком­па­ния. Ұлт­тық арна­ның ішкі сая­са­ты жөнін­де пікір айтуға біздің құқы­мыз жоқ. Жал­пы, бұл сұрақта­ры­ңы­зды сол теле­ар­на­ның қыз­мет­кер­леріне қой­ға­ны­ңыз дұрыс болар еді.


– Жуы­қта бағ­дар­ла­ма жүр­гі­зу­шісі Бей­сен Құран­бек «Айтуға оңай­ды» мен­ші­гіне алып­ты деген сөз шықты, мем­ле­кет­тік арна­да мұн­дай жағ­дай мүм­кін деп ойлай­сыз ба?


– (Күліп) Ұлт­тық арна­ның тап­сы­ры­сын ғана орын­дай­тын адам­ның біре­удің мүл­кін жеке мен­ші­гіне алуы мүм­кін бе? Заң­ды тұрғы­да ондай рәсім жасау тіп­ті де мүм­кін емес.


– Досан мыр­за, бүгін­гі про­дю­сер­лер теле­ди­дар мен шоу-биз­не­стің құдайы дей­ді, осы тым асы­ра айты­лған сөз емес пе?


– Шыны керек, өзім­ді теле­ди­дар мен шоу-биз­не­стің құдайы деп есеп­те­мей­мін. Әр про­дю­сер­дің дең­гейі әртүр­лі. «Айтуға оңай­дың» про­дю­сері бол­сам да, өзім­ді ешқа­шан құдай­дай сезін­ген емес­пін. Керісін­ше, мұр­ным­нан шан­шы­лып, қалай да хабар­ды әде­мі ету, көре­рмен көңілің табу деген мәсе­лені ойлап, ұжым­мен бір­ге зыр жүгір­дім. Басқа хабар­лар­дағы про­дю­сер­лер өздерін қалай сезі­нетінін біл­мей­мін. Өзім ала таң­нан қара кеш­ке дей­ін кәдім­гі қатар­дағы жур­на­ли­стер­мен бірі­гіп, ұйым­да­сып, жұмыс атқар­дым. Жал­пы, «Айтуға оңай­да» қыз­мет жасау – шах­та­да көмір қазған­мен бір­дей.


– Мем­ле­кет­тік теле­ар­на­лар­дың ұлтқа қыз­мет ету мүм­кін­ді­гін «рей­тинг» деген бәле­кет тұсап тұр деген маман­дар пікіріне недей уәж айта ала­сыз?


– «Рей­тинг» кедер­гі дей­сіз бе? Рей­тинг деген ол жасалған дүни­еңнің көр­сет­кі­ші ғана ғой: оның ұлтқа қыз­мет ету­ге не кедер­гісі барын түсін­бедім…


– Оның түсін­бей­тін несі бар? Мәсе­лен, ұлт­тық салт-дәстүр­ге қаты­сты неме­се дәстүр­лі әндер­ге бай­ла­ны­сты бағ­дар­ла­ма­лар көре­рмен ара­сы­нан жоға­ры рей­тинг жина­уы өте қиын. Бірақ ондай бағ­дар­ла­ма­лар елге, қаза­ққа таным­ды­лық тұрғы­сын­да өте қажет. Ал рей­тин­гісі төмен болған соң, ол бағ­дар­ла­ма ұлт­тық мұраға қажет бол­са да, оны арна бас­шы­ла­ры эфир­ден алып тастай­ды. Осы­дан ұлт­тық мүд­де опық жей­ді. Біздің біл­ме­гі­міз осы мәсе­ленің аста­ры ғой…


– Расы­мен де, ұлт­тық салт-дәстүр­ге қаты­сты неме­се дәстүр­лі әндер­ге бай­ла­ны­сты бағ­дар­ла­ма­лар жет­кіліксіз. Бірақ оған рей­тинг қана кедер­гі ме екен? Егер сол хабар­лар өз дең­гей­ін­де жасал­са, оны эфир­ден алып таста­уға кім­нің дәті барар еді? Қазір әркім өзін­ше жан баққан уақыт. Теле­ар­на­ларға да табыс таба­тын жоба­лар қажет. Нарық зама­нын­да осын­дай ере­же­мен келі­су­ге тура келеді. Сон­ды­қтан «эфир­ден алып тастай­ды» , «рей­тин­гі жинай алмай­ды» деп, ете­гі­мізді жасқа тол­ты­ра бер­ген­ше, әре­кет жасаған жөн деп ойлай­мын. Біздің жыр­ты­ғы­мы­зды сырт­тан келіп ешкім жамап бер­мей­ді.


– Жал­пы, қаза­қстан­дық орта­лық теле­ар­на­лар­дың ортақ кем­шілі­гі деп қан­дай кіна­рат­ты атай алар едіңіз?


– Отан­дық арна­лар­дың ортақ кем­шілі­гі – арзан күл­кі­ге құралған әзіл­кеш бағ­да­ла­ма­лар­дың шек­тен тыс көбей­іп кет­кені. Бүгін­гі күні сол жеңіл әзіл­ге құралған бағ­дар­ла­мар­ды қысқарт­са дей­мін. Өзіңіз айтқан­дай, халық тама­ша­лап көретін, ұлт­тық бағыт­тағы бағ­дар­ла­ма­лар мен бала­ларға арналған мульт­фильм­дер, ұлт­тық бағыт­тағы кино­лар­ды көбей­ту керек. Шын мәнін­де, біз­де сырт­тан келетін өнім­дер, айта­лық, шетел­дің түр­лі сери­ал­да­ры, шоула­ры, бағ­дар­ла­ма­ла­ры көбей­іп кет­ті. Түрік, корей, үнді теле­хи­ка­я­ла­ры­ның орны­на өзі­міздің өнім­дер­ді көбейт­се, дұрыс болар еді. Әйт­пе­се жат елдің мәде­ни­еті жастарға, әсіре­се өске­лең ұрпаққа зия­нын тигі­зетіні жасы­рын емес. Ал сол өзгенің сери­ал­да­ры мен хабар­ла­рын көріп, өгей мәде­ни­ет­ті сіңіріп өскен ұрпақ келе­шек­те кім бола­ды? Әлбет­те, бұл үрдіс жақ­сы­лы­қтың бел­гісі емес.


– Айтқан мәсе­ле­лер­ге ой-пікір біл­дір­геніңіз­ге рах­мет!


Жан­сая ЕРТАЙ,


«D»



Новости читателей

Кожедый желающий может добавить свою новость или материал на сайт.

ДОБАВИТЬ